Ақтау теңіз айлағында кеме жөндейтін причал салу жоспарланып отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтау теңіз айлағында кеме жөндейтін причал салу жоспарланып отыр

Ақтау теңіз айлағында кеме жөндейтін причал салу жоспарланып отыр

"Keppel Kazakhstan" ЖШС Ақтау теңіз айлағында Каспийдегі бұрғылау қондырғыларын салуда пайдаланылатын кемелерді жөндеуге арналған причал салуды жоспарлап отыр. Бұл туралы компания президенті Чарлз Яп (Charles Yap) KZ-today тілшісіне берген сұхбатында атап көрсетті.

  • 15 Тамыз 2003
  • 691
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша жаңа сервистік причалға арнап теңіз айлағының арнаулы экономикалық аймағына қамтылатын аумақтан 40 гектар жер бөлінген. «Keppel Kazakhstan» компаниясы бұл жерді 49 жылға жалға алды. 2-3 жыл ішінде причал салуға 20 млн. доллар бөлінеді. Қазіргі таңда причал аумағына қоршау орнату жұмыстары атқарылуда.

Ч.Яп компанияның причал салуға 6 ай ішінде кірісетініне сенім білдіреді. Оның айтуынша, қажетті жағдайда теңіз түбін тереңдету жұмыстары да жүзеге асырылуы мүмкін. Сондай-ақ, причал құрылысын салу жұмыстарына жергілікті жұмысшыларды тартып, оларды алдын-ала оқыту жоспарланған. Алдағы уақытта «Keppel Kazakhstan» ЖШС-нің президентін Маңғыстау облысынан тағайындау, құрылысқа жергілікті субмердігерлерді де жұмылдыру жоспарда бар.
Қазақстан мен Сингапур бірлескен «Keppel Kazakhstan» компаниясы арнаулы экономикалық аймақ аумағында металл конструкциялар өндіретін зауыт салып жатыр.

Соңғы жаңалықтар