2003-жылдың қыркүйегі мен 2004-жылдың сәуір айына дейінгі биылғы маусымда ЖШС Ақтау теңіз айлағындағы терминал арқылы жаңа түсімнен 500 мың тонна бидай жөнелтуді жоспарлап отыр. (2001-жылдың жылдың қыркүйегі мен 2002-жылдың сәуір айына дейінгі маусымда 283 мың тонна бидай жөнелтілген болатын).
Қазір Иранға 60 мың тонна бидай жөнелту жөніндегі алғашқы келісім шарты жүзеге асырылуда. Болашақта «Асыл Бидай» ЖШС Иранға 2 млн. тоннаға дейін астық жіберуді жоспарлап отыр.
Өткен жылы компания Ақтау теңіз айлағында 9 мың тонна көлеміндегі астықты аралық сақтауға арналған қосымша қоймалар салған. Соның нәтижесінде қойманың қуаты 22,5 мың тоннаға дейін артты.
Ақтау теңіз айлағындағы астық терминалы 2001-жылдың мамыр айының соңында пайдалануға берілген. Қазіргі таңда ол еліміздегі ең бір стратегиялық маңызды қала ретінде Ақтау қаласының мәртебесін нығайтып, жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік берген Қазақстандағы ең озық нысандардың біріне айналды. Р.Галямовтың айтуынша, «мұндай терминал дүниежүзінде саусақпен санарлық».
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бүгінде Ақтау теңіз айлағынан астық негізінен Иран бағытында ғана жөнелтілуде.
Қазақстан астығын теңіз жолымен алыс және жақын шетелдерге астық терминалын пайдалану арқылы жөнелту еліміздің экспорттан табатын кірісін ұлғайтып, Иран, Түркия, Әзербайжан, Грузия, Таяу және Орта шығыс елдері тәрізді астықты дәстүрлі экспорттаушы елдердің нарығында бекем позиция иемденуге мүмкіндік береді дейді Р.Галямов.