Ақтау теңіз айлағындағы гидроқұрылғыларды қалпына келтіруге 11,3-21,2 млн. доллар қажет - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтау теңіз айлағындағы гидроқұрылғыларды қалпына келтіруге 11,3-21,2 млн. доллар қажет

Ақтау теңіз айлағындағы гидроқұрылғыларды қалпына келтіруге 11,3-21,2 млн. доллар қажет

Каспий теңізінің жағалауында орналасқан Ақтау халықаралық теңіз айлағындағы бөгет пен толқын бұзғышты қалпына келтіру жобасын жүзеге асыруға 11,3-21,2 млн. доллар қажет. Бұл туралы KZ-today тілшісіне "Ақтау халықаралық теңіз айлағы" РМК-нан хабарлады.

  • 21 Қаңтар 2004
  • 445
Фото - Caravan.kz

Теңіз айлағынан хабарлағанындай, жобаның өтелімділігі бизнес-жоспарды жасау барысында анықталады.

Жоба жүзеге асырылған жағдайда айлақтың өткізгіштік қабілеті артып, причалдардағы жұмыс операциялары мен тиеуші жабдықтар жетілдіріледі. Сондай-ақ, жобаны жүзеге асыру нәтижесінде өрт сөндіру құралдарының сенімділігі артып, асау толқындар жуасып, нәтижесінде осындай себеппен жыл сайын айлақтарда қаңтарылып қалатын кемелер саны азаяды.
Қазір теңіз айлағындағы №9 және №10 мұнай причалдарының өткізгіштік қабілеті жылына 2,5 млн. тоннаны құрайды. Жоба жүзеге асырылған жағдайда оның өндірістік қуатын жылына 7,5 млн. тоннаға дейін жеткізуге болады.
Қазір айлақтың өткізгіштік қабілетін ұлғайтуға, кәсіпорынның кірістілік деңгейін арттыруға және кемелердің тоқтап қалу көрсеткішін азайтуға бағытталған бірнеше инвестициялық жобалар жасалған.
Атап айтсақ, 16 млн. долларға екі мұнай причалын салу, 20,1 млн. доллар көлеміндегі инвестиция көмегімен контейнер тасымалына арналған терминалдар салу, 40,2 млн. долларға төкпе жүктерге арналған жаңа терминалдар салу жөніндегі жобалар жасалды.

Соңғы жаңалықтар