Жарияланды: 330

Ақтау теңіз портын «ҚТЖ»-ның басқаруына беру шаралары аяқталуға жақын - А.Мамин

Ақтау теңіз портын «Қазақстан темір жолы» компаниясының басқаруына беру шаралары аяқталуға жақын.

Бұл туралы бүгін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтың қатысуымен «ҚТЖ» ҰҚ» АҚ-ның 2012 жылдың қорытындысы мен 2013 жылдың басым бағыттарына арналған кеңесте аталған компанияның басшысы Асқар Мамин мәлім етті. «Қазіргі кезде Ақтау теңіз портын «ҚТЖ»-ның басқаруына беру бойынша шаралар аяқталды. Қазақстан Республикасының заңына тиісті өзгертулер енгізілді», - деді А. Мамин. Белгілі болғанындай Ақтау халықаралық портын акционерлік қоғам етіп қайта құрып, оның акциясын ҚТЖ-ның сенімді басқаруына беру жүзеге асырылмақ.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін