Ақтау тұрғыны Каспий жағалауынан итбалықтар өлексесін тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
0 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтау тұрғыны Каспий жағалауынан итбалықтар өлексесін тапты

Ақтау тұрғыны Каспий жағалауынан итбалықтар өлексесін тапты

Ақтаудан 230 шақырым жердегі Бозащы түбегінде орналасқан Қаражанбас кен орнына қарама-қарсы жағадан жергілікті тұрғын 50-ге жуық итбалық өлексесін тапты.

  • 27 Сәуiр 2022
  • 193
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Суреттердің авторының айтуынша, өлген жануарлар жағаға ең жақын ұңғыманың сол жағында орналасқан. Ол итбалықтың өліміне Каспий теңізінің тайыздануы себеп болған деп есептейді.

Маңғыстау облысы Балық инспекциясы департаменті ведомство қызметкерлері Бозащы түбегіне жіберілгенін мәлімдеді.

Оқиғаның барлық мән-жайын зерттеу нәтижелері қосымша хабарланады.

Басылым атап өткендей, облыс тұрғындары Түпқараған ауданындағы Жығылған ойпаты аймағында Каспий шектен тыс таязданғанын байқап отыр. Бұл жерлерде су жағадан 60-70 метрдей алыстап кеткен.

2020 жылдың қарашасында Каспий итбалығы Қазақстанның Қызыл кітабына енген. Тиісті қаулыға Қазақстан премьер-министрі қол қойған еді.


Қазақстанда Қызыл кітапқа енген жануарды өлтіргені үшін 3 мың АЕК-ке дейін айыппұл немесе 800 сағатқа дейін түзету жұмыстары немесе үш жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Мамандардың айтуынша, Каспий итбалығының саны жыл сайын 3-4 пайызға азайып барады.