Ақтау тұрғыны жалғыз ұлының өліміне дәрігерлерді кінәлауда - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтау тұрғыны жалғыз ұлының өліміне дәрігерлерді кінәлауда

Ақтау тұрғыны жалғыз ұлының өліміне дәрігерлерді кінәлауда

Орны толмас үлкен қателік! Ақтауда тағы бір тұрғын жалғыз ұлының өліміне дәрігерлерді кінәлауда. Қызметтеріне атүсті қарады деп. Қара жамылған ананың базынасымен тәуелсіз сарапшылар да келісіп отыр. Айтуларынша, дәрігерлер жол апатына ұшыраған науқасқа қатысты 40-тан астам қателік жіберген. Бірақ қан жылаған ана әлі күнге дейін әділеттілік таппай шарқ ұрып жүр.

  • 1 Қараша 2012
  • 422
Фото - Caravan.kz

Бұл Гүлнар Имашеваның бауыр еті баласынан айырылған күннен бастап, бүгінге дейінгі ащы мұңы. «Қартайғанда қызығын көрем» деп отырғанда 20 жастағы жалғыз ұлы келмеске кетті. Бұған «ақтаулық дәрігерлер кінәлі» дейді қан жылаған ана.

Гүлнәр Имашева, Даниярдың анасы:

—  Менің дәрігерлерге айтарым, ұлымды солар үшін өлтірсін деп босанған жоқпын ғой. Ең болмаса, алдында жатқан науқасты біреудің жалғызы, біреудің бар өмірі деп қараса болады ғой. Жарты жыл өтті алдыма кешірім сұрап келген тірі жан жоқ.

Данияр Имашев 11 наурыз күні жол апатына ұшырайды. Түрлі жарақатпен жедел түрде облыстық ауруханаға жеткізіліпті. Десе де, ақ халаттылар «жарақаты жеңіл, қам жемеңіздер» деп, ана жүрегін басқан. Алайда, өкпеге қатты зақым келгенін байқамаған көрінеді.

Гүлнәр Имашева, Даниярдың анасы:

— Сарапшылар өлімнің басты себебі-өкпесіне зақым келген деді. Ал дәрігерлер тіпті өкпе жайында сөз қозғаған жоқ, керсінше буынға ота жасаймыз деді.

Өкпесі қысылған Данияр ұзаққа бармай дәл операция үстелінде бақилық болған. Ал дәрігерлер анасына бір сағаттан кейін «жүрегі отаға шыдамады» деп айтыпты. Десе де, бірнеше тәуелсіз сарапшы «бала жүректен емес, өкпеден кеткенін» қағаз жүзінде де дәлелдеп берген. Осыны негіз қылып, Гүлнар Имашева тәртіп сақшыларына шағым түсіреді. Алайда, қылмыстық іс қозғалмақ түгілі, тексеру де жүргізілмеген. Енді бұл істің ақ-қарасын жергілікті прокуратура анықтамақ.


Талғат Әлібаев, Ақтау қаласының прокуроры:

— Қазіргі таңда тексеру әлі аяқталған жоқ. Тексеру аяқталған соң, ол жөнінде толық шешім қабылданады. Өйткені, біздің алдын-ала әрекетіне баға бергенде ҚР 114 бабына сәйкес келеді деп тауып отырмыз.

Әзірге, адам өліміне себепкер болған дәрігерлер тек тәртіптік жазамен құтылыпты. Ал жалғыз баласынан айырылған ана барлығының темір торға тоғытылғанын қалайды.

Соңғы жаңалықтар