Ақтау-Баку жүйесін басқару үшін жеке компания құрылады - "ҚазақМұнайГаз ҰК" ЖАҚ-ның директоры - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтау-Баку жүйесін басқару үшін жеке компания құрылады - "ҚазақМұнайГаз ҰК" ЖАҚ-ның директоры

Ақтау-Баку жүйесін басқару үшін жеке компания құрылады - "ҚазақМұнайГаз ҰК" ЖАҚ-ның директоры

Ақтау-Баку жүйесін басқару үшін жеке компания құрылады. Компанияның негізгі инвесторы міндетін Қазақстандағы Қашаған кенішін игеруге қатысушы, ВТС Со.(Baku -Tbilisi -Ceyhan) компаниясында 15 проценттік үлес иемденетін Eni, TotalFinaElf, ConocoPhilips және Inpex тәрізді шетелдік 4 компания атқаратын болады. Бұл туралы "ҚазақМұнайГаз ҰК" ЖАҚ-ның басқарушы директоры Қайыргелді Қабылдин мәлімдеме жасады,- деп хабарлайды TopAz.

  • 5 Қыркүйек 2003
  • 464
Фото - Caravan.kz

Сонымен бірге, «ҚазақМұнайГаз ҰК» ЖАҚ-ның басқарушы директорының айтуынша, Баку-Тбилиси-Жейхан негізгі экспорттық мұнай құбыры жобасына қосылуға Қазақстанда жұмыс істейтін тағы да 2-3 компания ниет білдірген.

Ақтау-Баку жүйесінің инвесторлары мен Әзербайжан және Қазақстан үкіметтері арасында үкіметаралық келісімге қол қойылғаннан кейін келесі сатыда транзиттік келісімге қол қойылады.
Ақтау-Баку жүйесін қалыптастыру үшін Ақтаудан оңтүстік -шығысқа қарай 76 шақырымда орналасқан Құрық айлағында мұнай сақтау және тасымалдауға арналған жаңа терминал салу, сондай-ақ, жалғастырғыш құбырлар тарту көзделген.
Жүйенің мұнай тасымалдау қуаты жылына 20 млн. тоннаны құрайды, алайда алғашқы кезеңде 7,54 мың тоннаға дейін мұнай тасымалданады деп күтілуде. Инвестиция көлемі үкіметаралық келісімге қол қойылғаннан кейін анықталады. Жаңа жүйе Қашаған кенішінен алғашқы мұнай тасымалдана бастайтын 2006-жылдың соңына қарай саланып бітеді.

Соңғы жаңалықтар