Ақтауда 113 млн жыл бұрын өмір сүрген ихтиозаврдың қаңқасы таныстырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтауда 113 млн жыл бұрын өмір сүрген ихтиозаврдың қаңқасы таныстырылды

Ақтауда 113 млн жыл бұрын өмір сүрген ихтиозаврдың қаңқасы таныстырылды

Ақтауда музей түні шарасы аясында осыдан 113 млн жыл бұрын өмір сүрген ихтиозаврдың қаңқасы таныстырылды.

  • 23 Қыркүйек 2019
  • 13
Фото - Caravan.kz

Су жануарының сүйегі маусым айында Маңғыстау ауданынан табылған. Ол бұрын Тетис мұхитында өмір сүрген.

Су жануарының қаңқасын маусым айында Маңғыстау ауданы, «Сулықапы» шатқалынан әуесқой палеонтолог Владимир Ярцев тапқан. Маусым айында Маңғыстау облыстық музей қызметкерлері, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің мамандары Ресейден келген палеонтолог, ихтиозавр жөніндегі маман В. М. Ефимовтың қатысуымен құмды алқаптағы сүйек қалдықтарын қазып алу жұмыстарын жүргізген.

Табылған қалдықтар музеймен келісім бойынша Орал қаласына 3 ай мерзім ішінде препараттауға жіберілген.


«Оралда палеонтолог Жәмила Жақыпова сүйектерді арнайы қоспалармен өңдеп, табылған бөлшектердің әрбірінің гипстелген көшірмесін жасап шықты. Осылайша, ежелгі тіршілік иесінің екі көшірмесі жасалды, бірі – музейге, бірі – университетке қалдырылды», — дейді табиғат бөлімінің маманы Дариға Аманиязова.

Соңғы жаңалықтар