Ақтауда 15 жасар қыз астан ұшынып қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтауда 15 жасар қыз астан ұшынып қаза тапты

Ақтауда 15 жасар қыз астан ұшынып қаза тапты

Ақтауда астан ұшынған тұтас бір отбасы түгел қырылып қала жаздады . Өкінішке қарай, 15 жастағы қызын дәрігерлер құтқарып қала алмаған. Ал 10 жасар ұл жансақтау бөлімінде жатыр. Астан олардың ата-анасы да оңбай ұшыныпты. Науқастар консервіленген қиярдан уланып, ботулизм дертіне шалдыққан деген де қауіп бар.

  • 17 Қазан 2015
  • 373
Фото - Caravan.kz

Кешкі ас ақтаулық бір отбасының астан-кестеңін шығарды. Алдымен 15 жастағы қызы, сосын 10 жасар ұлы әлсірей бастаған. Артынша әкесінің де жүрегі айнып, басы айналыпты. Ертеңіне жасөспірім қыз оянбай қалған. Ал ауруханаға жеткізілген әкесінің жағдайы орташа болса, баласы жансақтау бөлімінде жатыр.

Сару Ермұханова, Маңғыстау облыстық балалар жұқпалы аурулар ауруханасы бас дәрігерінің міндетін атқарушы

-Баланың жағдайы жаман емес, жақсарды. Бірақ әлде де ауыр халде жатыр

Бәрі кешкі асқа котлет, тұздалған қияр жеген екен. Дәрігерлер соған қарап отбасы консервілеу технологиясы сақталмаған осы көкөністен улануы мүмкін деп отыр. Тіпті ботулизм дертіне шалдыққан деген де қауіп бар.

Ботулизмнің қоздырғыштары негізінен консервіленген көкөністер мен жеміс жидектерде болады. Сондықтан банкідегі тағамды таңдағанда абай болған жөн. Шыны ыдыс шытынамауы тиіс, қақпағы ісінбеуі керек. Және міндетті түрде сақталу мезіміне қараған абзал. Осы тәртіпті сақтағанда ғана ауыр дерттің алдын алуға болады.

Ал, жырақта жатқан Маңғыстау өңірі үшін астан улану қаупі жоғары дейді маркетологтар. Себебі тез бұзылатын тағамдардың өзі облысқа екі аптада жетеді. Оны сатып бітемін дегенше бұзылып кетуі әбден мүмкін.


Евгения Мұқашова, маркетолог:

Біз келген тауарларды тексеріп барып қана сөреге қоямыз. Бірақ, сақталу мерзімі бітпеген тағамдар да кейде көгеріп кетеді. Сондықтан тұтынушылар өнімдерді мұқият қарап, сатып алғаны жөн.

Дәрігерлер қазір науқастардан сынама алып, ботулизмге қатысты тексеріп жатыр. Ауру анықталса, жұқпалы дерт ошағын түгел залалсыздандыруға тура келеді.

Соңғы жаңалықтар