Lada.kz жазуынша, қайғылы оқиға 10 қазанда 17-шағынаудандағы «Green park» тұрғын үй кешенінде болған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.
Оқиға орнына жедел жәрдем мен полиция өкілдері келді.
«Сағат 19.00 шамасында 17-шағынауданда мәйіт табылды деген шақыру келіп түсті. Оқиға орнында зорлық-зомбылықпен өлімнің сыртқы белгілері жоқ 16 жасар қыздың мәйіті табылды», — делінген полиция хабарламасында.
Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша Ақтау қалалық СДТБТ-да тіркелді.
«Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді», — деп хабарлады облыстық Полиция департаментінен.
Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр