Ақтауда 2 жасар сәби екінші қабаттан құлап кетті
Ақтауда 2 жасар бүлдіршін екінші қабаттан құлап кетті. |
Оқиға 5-ші шағынауданның 21-ші үйінде орын алды. Бүлдіршін ашық бас сүйек-ми зақымы, ішінің жарақаттануы диагноздарымен өте ауыр халде ауруханаға жеткізілді.
Тұрғындардың сөзіне қарағанда, өткен жылы бір адамның өліміне әкеп соққан осындай 5 оқиға орын алды. Биыл олардың саны 7-ге жетті. Қазіргі уақытта сәбидің жағдайы ауыр, бірақ тұрақты деп бағалануда.
«Ауруханаға жеткізілген кезде бүлдіршіннің жағдайы өте ауыр болды, қазіргі кезде оны травматологиялық бөлімшеге ауыстырдық. Оның жағдайы тұрақты ауыр деп бағалануда», - деді Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының нейрохирургі Ербол Кенжевалов.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін