Жарылыс «УПП» ЖШС-іне қарасты компрессорлардың қосалқы бөлшектеріне арналған қоймада шыққан.
Министрліктің түсініктемесіне сәйкес, 7-қараша күні кешкісін қосалқы бөлшектер қоймасында тұтанған өрт 15 шаршы метр аумақты шарпыды. Қоймада ацетилен құйылған екі баллон болған. Соның біреуі жарылған көрінеді.
Жарылыс салдарынан қарауыл басшысы, бөлімше командирі, «Өрт сөндіруші» мемлекеттік кәсіпорнының жүргізушісі мен «УПП» ЖШС-нің цех басшысы зардап шекті. Түрлі дәрежелі күйікке шалдыққандар ауруханаға жатқызылды.
Өртті ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің өрт сөндіру қызметі екі сағатта сөндірді.