Ақтауда әйел айтқан жеріне жеткізуден бас тартқан такси жүргізушісін соққыға жықты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтауда әйел айтқан жеріне жеткізуден бас тартқан такси жүргізушісін соққыға жықты

Ақтауда әйел айтқан жеріне жеткізуден бас тартқан такси жүргізушісін соққыға жықты

Ақтау тұрғыны такси тұрағының маңында жанжал шығарды. Ол жүргізушіні жұдырықтың астына алып, киімін жыртып тастады.

  • 8 Желтоқсан 2015
  • 407
Фото - Caravan.kz

Оқиға бірнеше күн бұрын қаладағы 7 шағынаудандағы емхана маңында орын алды. 2 шағынауданның 34 жастағы тұрғыны жақын таныс емес ер адамды көріп, үйіне апарып тастауын өтінеді. Өтініштен бас тартқан такси жүргізушісі күтпеген жерден таяқ жеп қалды, деп жазады lada.kz.

Полициядағылардың сөзіне қарағанда, әйел аузына келгенін айтқанымен қоймай, такси жүргізушісін бас салып төмпештеп, тіпті  киімінің пара-парасын шығарған.

Мұнайлы ауданының зардап шеккен 51 жастағы тұрғыны өз-өзін ұстай алмаған клиенттің үстінен шағым түсірді. Болған оқиға бойынша сот алды тергеу жүргізілуде.


Соңғы жаңалықтар