Ақтауда авторлық құқыққа қатысты бұрын-соңды болмаған іс қаралып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтауда авторлық құқыққа қатысты бұрын-соңды болмаған іс қаралып жатыр

Ақтауда авторлық құқыққа қатысты бұрын-соңды болмаған іс қаралып жатыр

Ақтауда авторлық құқыққа қатысты бұрын-соңды болмаған іс қаралып жатыр. Қалада лицензиясыз дискілер сатқан кәсіпкерге қатысты қылмыстық іс қозғалып, енді ол материалдық шығын өтемі ретінде 40 млн-дай теңге айыппұл төлеуі тиіс. Кәсіпкерге тағылған айып – шетелдік өндірушілер шығарған компьютерлік бағдарламаларды рұқсатсыз саудалаған.

  • 14 Шiлде 2011
  • 455
Фото - Caravan.kz

 Кәсіпкер Сергей Меньшенин құжаттарын қамдап, алдағы сотқа сақадай-сай отыр. Оған лицензиясыз тауар сатып, өнім авторларына 40 миллион теңгеге жуық шығын келтірді деген айып тағылып отыр.  «Мұндай көп қаржыны төлеуге, кәсібімді жапсам да, шамам жетпейді. Сондықтан істің қалалық сотта қаралуын талап еттім» — дейді ол.

Сергей Меньшенин, кәсіпкер:

— Менің дүкенімнен барлығы 360 дискі тәркіледі. Сонша аз нәрсенің айыппұлы 38 млн-ға қалай жеткені түсініксіз. Яғни біз ол дискілердің әрқайсысын 500  теңгеден алдық, сатып та үлгерген жоқпыз.

 Сергей бұл удай қымбат дисктерді Алматыдан су тегін бағасына алғандығын айтады. Алайда тауардың түріне қарап,лицензиясыз деп айту қиын. Тіпті арнайы белгілері де басылған. «Соған қарап,алданып қалдым», — дейді кәсіпкер. Ал тауарадың нақты құнын енді естіпті.

 Сергей Меньшенин, кәсіпкер:

Қанша жылдан бері осы салада саудамен айналысып келемін, осы уақытқа дейін Қазақстанда аталмыш дискілердің құқығын иеленушісі бар екендігін естімеппін. Сөйтсем, «Майкрософт»,
«Автодеск»  сынды бағдарламалардың құқығын қорғайтын ұйым Алматыда бар екен.

Ақтау қалалық прокуратурасындағылар кәсіпкердің дүкенінен заңсыз дискілер мен қоса,ондағы компьютерлерді де тәркілеп әкеткен. Заң қызметкерлері айыппұлдың мұншалықты көптігін бұл бағдарламалардың құнының қымбаттығымен түсіндіреді. Мәселен, бір ғана «автокад» бағдарламасының бағасы  —  600 мың теңге.

Мәлік Оспанов, Ақтау қаласы прокурорының көмекшісі:

— Дүкенде программаларды құқықтық иеленусіз пайдаланған. Осыған байланысты және экономикалық сараптама қортындысымен 38 млн теңге айыппұл салынды. Яғни, аталмыш программалардың құны қымбат.

Қазір 40 миллионның ісі қалалық сотта қаралып жатыр. Алайда кәсіпкер Меньшенин сотқа дейін созбай, құқық иеленуші компаниямен бір келісімге келмек ойда. Ол үшін жақын күндері 4 млн теңгесін Алматыға жеткізуі керек. Сонда ғана арыз кері алынып, қылмыстық іс те тоқтатылмақ.

Соңғы жаңалықтар