Caravan Logo

Ақтауда Әзербайжан Республикасының бас консулдығы ашылды

Ақтауда Әзербайжан Республикасының бас консулдығы ашылды

Жаңа бас консул болып Рашад Мамедов тағайындалды. Бас консулдық өз жұмысының аясында Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының аумағын қамтиды.

Қазір Маңғыстау облысында 5-6 мың әзербайжандық өмір сүреді.

Маңғыстау облысының әкімі Қырымбек Көшербаевтың хабарлауынша, қазір Ақтау қаласында Иран мен Түркияның консулдығын ашу мәселесі келісілген болса, Ресей, Түрікменстан және Біріккен Араб Әмірліктерінің консулдық мекемелерін ашу мәселесі дәйектелу үстінде.