Жарияланды: 510

Ақтауда батут аттракциондарының жұмысына тыйым салынды

Ақтауда батут аттракциондарының жұмысына тыйым салынды. Қарақия ауданының Мұнайшы ауылында болған оқиғадан кейін Маңғыстау облысының басшылары осындай шара қабылдауды ұйғарыпты.

Естеріңізге сала кетсек, сейсенбі күні Мұнайшы ауылында соққан дүлей желден батут аударылып, 14 баланы басып қалған. Зардап шеккен 7 жасар қыз әлі есін жиған жоқ; жансақтау бөлімінде ауыр халде жатыр. Аталмыш дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жалпы, көшеде мұндай батут орнату үшін жергілікті биліктің рұқсаты жеткілікті екен. Тіпті бұл кәсіпкерлерді төтенше жағдайлар мен санитарлық қызметтердің мамандары да тексеруге құқылары жоқ. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть