Бұны Ақтаудың жергілікті журналистері анықтады. Lada.kz порталының жазуынша, 22 жастағы Жомарт Тыныштық электробиді ғаламтордан үйреніпті. Оған осы көлік жуу орталығының бір клиенті қызығушылық танытқан. Соның түсіріп алған видеосы Youtube-те 80 мың реттен аса қаралған.
Жомарт 2013 жылы «Минута славы по-актауски» байқауында жеңімпаз атанған. «Осы өнерімді ары қарай жалғастыруға уақытым болмады. Өйткені жұмысым көп еді» дейді ол. Жомарт биыл бизнес ашыпты. Өзі видеода билеп тұрған көлік жуу орнын жалға алған.