Сондай-ақ, дыбыстық қондырғылармен жабдықталған жаяу өткелектер салуды қаржыландыруға арналған есептер жасалды.
Қалалық мәслихаттың сессиясында мүгедектерді әлеуметтік қорғау ахуалына қатысы ақпарат тыңдалды. Қала әкімінің орынбасары Ұлдай Сыдықованың хабарлауынша, биыл мүгедек балалары бар ата-аналар мен 3-ші топтағы мүгедектер арасынан 42 адамды жұмыспен қамту жоспарланыпты.
Ұ.Сыдықова сондай-ақ, мүгедектерді әлеуметтік қолдау тұрғысында кедей отбасылардағы мүгедектерге қайырымдылық көмек көрсетуге едәуір маңыз беріліп отырғанын атап көрсетті. Мәселен, соның арқасында қала әкімі мен тасымал кәсіпорындары басшыларының арасындағы келісімге сәйкес 1 және 2-топтағы мүгедектер қоғамдық көліктерде тегін қатынау құқығына ие болды.