Жарияланды: 550

Ақтауда екі ай бұрын орын алған қайғылы жәйтке қарамастан әлі күнге дейін батут аттракциондары жұмысын жалғастыруда

Ақтауда екі ай бұрын орын алған қайғылы жәйтке қарамастан әлі күнге дейін батут атракциондары жұмысын жалғастыруда. Тіпті қалалық әкімдіктің қақ алдындағы саябақта жаңасы ашылыпты.

Естеріңізге сала кетсек, осындай батуттардың бірі дауыл кезінде аударылып, Мұнайлы ауылында 14 баланы басып қалған болатын. Басынан ауыр жарақат алған қыз әлі күнге дейін жансақтау бөлімінде жатыр. Тергеу ісі де бітпеген. Батуттың иесі де әлі жауапқа тартылған жоқ. Тек осы оқыс жағдайдан кейін, барлық аттракциондарды тексеруді бастаған қалалық прокуратура бірсыпыра заңсыздықтардың бетін ашты. Мұндай ойын алаңдарын заңмен қадағалайтын бірде бір нормативтік құжат жоқ екен. Соған қарамастан, Ақтау қаласының әкімдігі құзыреті болмаса да, он батуттың ашылуына рұқсат беріпті.

Мәлік Оспанов, Ақтау қаласы прокурорының аға көмекшісі:

-Берілген рұқсаттары заңсыз. Себебі қолданыстағы заңға сәйкес ойын атракциондарына рұқсат беру жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне жатпайды. Ойын атракциондары Қытай Республикасынан әкелінген. Олардың сапасын, қауіпсіздігін дәлелдейтін ешқандай құжаттары болмай шықты. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін