Ақтауда ереуілге шыққан мұнайшыларды таратқан полиция заңға сәйкес әрекет етті - kaz.caravan.kz
  • $ 475.03
  • 517.21
+28 °C
Алматы
2024 Жыл
13 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтауда ереуілге шыққан мұнайшыларды таратқан полиция заңға сәйкес әрекет етті

Ақтауда ереуілге шыққан мұнайшыларды таратқан полиция заңға сәйкес әрекет етті

Бас прокуратура Ақтау қаласы полицейлерінің Қаражамбастың ереуілге шыққан әріптестерін қолдап, митинг ұйымдастырған 37 мұнайшыға қатысты әрекеттерін заңды деп есептейді.

  • 6 Маусым 2011
  • 572
Фото - Caravan.kz

«Ақтау прокуроры Т. Әлібаев митингке шыққандарға жергілікті атқарушы билік органдарының алдын ала рұқсатынсыз шеру өткізуге тыйым салатын заңды бұзуға болмайтынын түсіндіріп, үйлеріне тарауды ұсынды. Алайда адамдар прокурордың талаптарына бағынбады», — деп мәлім етті дүйсенбі күні ведомствоның ресми өкілі Жандос Өмірәлиев.

«Осыған байланысты ішкі істер органдары 37 мұнайшыны әкімшілік жазаға тартып, қамауға алуға мәжбүр болды. Ол кезде полиция қызметкерлері заңмен берілген өкілеттіктері шеңберінде және қалыптасқан жағдайды ескере отырып әрекет етті», — деп атап көрсетті ол.

Өз кезегінде, қадағалаушы орган бұл мәселені реттеу және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету шараларын қабылдауға қадағалау бойынша шараларды қолға алды, деді ресми өкіл

Бұрын хабарланғандай, өткен аптада «Қаражамбасмұнай» АҚ мұнай өндіруші компаниясының, оның еншілес ұйымдарының 72 жұмыскері заңсыз наразылық акциясына қатысқандары үшін жұмыстан шығарылды.

Өткен бейсенбіде Қаражамбас кен орнындағы ереуілге қатысушылардың саны 164 адамға дейін қысқарды. Жексенбі күні Ақтауда полициясы ереуілге шыққан мұнайшыларды қолдап наразылық акциясын өткізген 37 адамды қамауға алды. Олар Қаражанбас кен орнындағы заңсыз ереуілге қатысқаны үшін жұмыстан шығарылғандардың бәрін қайтадан жұмысқа алуды, Наталья Соколованы қамаудан босатуды талап етті.

Еске сала кетейік, үстіміздегі жылдың 17 мамырында мұнайшылардың рұқсат етілмеген ереуілі мен аштық шарасы заңсыз деп танылды. Маңғыстау облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, 24 мамырда Түпқараған аудандық соты Н. Соколованы заңсыз ереуілді ұйымдастырғаны үшін айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылып, кейін заңсыз әрекеттерін қайталағаны үшін 8 тәулікке қамалды.