Ақтауда кәрі қызбын: Гүлнәз Жоланова тұрмысқа шығуға қатысты ойын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтауда кәрі қызбын: Гүлнәз Жоланова тұрмысқа шығуға қатысты ойын айтты

Ақтауда кәрі қызбын: Гүлнәз Жоланова тұрмысқа шығуға қатысты ойын айтты

Гүлнәз Жоланова қазақстандық қыздардың кеш тұрмысқа шығуына қатысты пікір білдірді.

  • 17 Маусым 2019
  • 140
Фото - Caravan.kz

Айтуынша, бұл үлкен көлемдегі проблемаға айналып бара жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі The Эфир бағдарламасына сілтеме жасап.

«Бұл – өте үлкен көлемдегі проблема. Өйткені, қазір қыздардың жұмыстары да, жағдайлары да бар. Жағдайларын олар өздері жасап алған. Сондай-ақ, оларға өздерінен мықтырақ жігіт табу қиын. Менің жасы 30-ға келген, барлық мақсатына қол жеткізген бір-екі құрбым бар. Оларға жанында жүрген жігіттерді мойындау қиындау сияқты», — дейді актриса.

Әрі қарай Гүлнәз Жоланова мұның түп-тамыры шетелдік менталитетке еліктеуде жатқан болуы мүмкін екеніне тоқталды. Сондай-ақ, ол жақсы жігіттердің де өзіне серікті ерте тауып алып жататынын жасырмады.

«Біздің ортада психологиялық проблема бар. Еуропаға еліктеу деген сияқты. Бірінші орынға карьераны қойып, бәрін жасап болған соң тұрмысқа шыққысы келеді. Өкінішке орай, бәрін жасап болғаннан кейін тұрмысқа шыққысы келмей қалады. Өздері көздеген, өздерінің деңгейіндегі жігіттер бос емес болып шығып жатады», — деді ол.

Мұнымен қатар, қазір кәрі қыз деп 30-дан асқан нәзік жандыларды атауға болатынын жеткізді.


«Осы жылдың қараша айында 26 жасқа толамын. Өзімді 18 жастағы қыздай сезінемін. Еліміз география жағынан үлкен және менталитет жағынан да әртүрліміз. Мысалы, Ақтауға барсам, 25 деген біраз жас болып көрінеді. Алматыға келсем, «Ой, сен жап-жас екенсің ғой» деп айтады. Меніңше, Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында 30 жаста тұрмысқа шығу дұрыс болып көрінеді», — дейді Гүлнәз Жоланова.

Бұдан өзге ол басқа қыздар секілді жұрттан қысым көріп жатпағанын жеткізді.

Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін Гүлнәз Жоланова өзінің қоқыс тастауға боянбай шығатындар қатарынан екенін айтқан болатын.

Соңғы жаңалықтар