Ақтауда кәріз құдығынан нәрестенің денесі табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтауда кәріз құдығынан нәрестенің денесі табылды

Ақтауда кәріз құдығынан нәрестенің денесі табылды

Полиция қылмыстық іс қозғап, сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

  • 12 Ақпан 2019
  • 12
Фото - Caravan.kz

Ақтау қаласында кәріз құдығынан табылған нәрестенің денесіне қатысты полиция түсініктеме берді.

Маңғыстау облысы полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, бастапқы деректер бойынша, шарана үш-төрт айлық болған.

Іштегі нәрестенің денесі 10 ақпанда кешкі 18:40 кезінде 1-ші шағын аудандағы кәріздің сорғы станциясынан табылған. Анасының кім екенін анықтау мүмкін емес, себебі кәріз құдығында бүкіл қаланың ақпасуы жинақталады.

"Аталған дерек бойынша сот-медициналық сараптама жүргізілді. Ол ҚР ҚК 100-бабы бойынша (Нәрестені анасының өлтіруі) сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне енгізілді. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр", — деп хабарлады полиция.


Полиция атап өткендей, қараша айында жұмысшылар мәйітін қоқыстан тауып алған сәбидің анасының кім екені анықталмаған.

Соңғы жаңалықтар