Каспий қайраңындағы мұнай операцияларын қолдаудың сервистік инфрақұрылымын тиімді дамыту және өзара тиісті ақпараттарды алмасып тұру үшін тараптар 2006-жылы Инфрақұрылымдық компаниялардың қауымдастығы атты коммерциялық емес ұйым құруға келісті. Оны құрудағы мақсат – осы меморандумға қол қойған компаниялардың құқығы мен мүддесін қорғау, жер қойнауын пайдаланушыларға сервистік қызмет көрсету нарығындағы Қазақстанның үлесін арттыруға саяды.
Қазіргі жағдаймен қауымдастықтың атқарушылар кеңесі құрылды. Өзара келісім бойынша оған жоғарыда аты аталған компаниялардан бір-бір өкілден енді.
Бұл меморандуға тауар өндіретін, жұмыстар атқаратын және қызмет көрсететін басқа компаниялар мен Каспийдің қазақстандық секторындағы жер қойнауын пайдаланушыларға сервистік қызмет көрсететін кәсіпорындар біріге алады.