Жарияланды: 450

Ақтауда контрабанда тасымалдаған қылмыстық топ мүшелері әшкереленді

Маңғыстау облысы бойынша қаржы полициясы департаментінің қызметкерлері Түркия азаматы Хусейн Оджал басқарған және құрамында еліміздің бірқатар азаматы бар

Ақтау теңіз порты арқылы бірнеше жыл қара металдардың сынығы мен қалдықтарын аса ірі мөлшерде экономикалық контрабанда жасаумен айналысып келген ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметін әшкереледі. Бұл туралы Экономикалық қылмыстарға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтқсандағы «Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметінің кедендік тарифі және тауарлық номенклатурасы туралы» қаулысына сәйкес экспортқа шығарылатын қара металдардың сынығы мен қалдықтарының 1 тоннасы үшін 20 евроға жуық кедендік алымдар алынады. Сонымен бірге Еуропалық одаққа мүше елдердің аумағына экспортталатын аталған тауарлар үшін алымдар салынбайды. Осыны білетін «қктау Экспорт Металл» ЖШС құрылтайшысы Х. Оджал және осыкәсіпорынның директоры А. Липчанский «Теңіз порты» кедендік бекеті арқылы, сондай-ақ иесі Ж.Әбілғазин болып табылатын «AktauTransPort» ЖШС брокерлік фирмасының және «ТransEnergyServis» ЖШС эспедиторлік компанияларының көмегімен жалған кедендік және қосарлама құжаттарын пайдаланып, Түркияға қара металдардың сынығы мен қалдықтарын заңсыз шығарып отырған. Ол құжаттарда тауарды алушылар ретінде Британдық-Виргин аралдарында тіркелген «SAGA CARGO LLP» немесе «EUROSCRAP FOREIGN TRADE LTD» компаниялары, ал түсіру жері ретінде Грекиядағы «Перей» порты көрсетілген. Шын мәнінде жүк жалған құжаттар бойынша Түркиядағы «Кроман» портында түсірілген. Алдын-ала есептеулер бойынша 2008-2012 жылдар аралығында «Ақтау Экспорт Металл» ЖШС Түркияға контрабандалық жолмен құны 20 млрд. теңгеден астам 576 мың тонна металл сынығын шығарған. Оған қоса «Ақтау Экспорт Металл» ЖШС-іне 2010-2012 жылдар аралығында бюджеттен 127 млн. теңге қосымша құн салығы заңсыз кері қайтарылған. «Улуз Бриз» кемесін, айыпталушылардың кеңселері мен тұрғын жайларын тінту барысында бір жүктің екі бағытқа, яғни, Түркиядағы Кроман порты мен Грекиядағы Перей портына шығару туралы бірдей құжаттар, Грекиядағы аталған порттың мөрі және т.б. табылды. Ағымдағы жылғы 12 қарашада «Ақтау Экспорт Металл» ЖШС құрылтайшысы Оджалға, аталған фирманың директоры Липчанскийге, «ТransEnergyServis» және «AktauTransPort» ЖШС-лерінің иесі Әбілғазинге және «AktauTransPort» ЖШС директоры Салиховқа ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында экономикалық контрабанда жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Осы күні аталған тұлғалар ұсталып, Ақтау қаласы ІІБ уақытша оқшаулау абақтысына қамалды. 16 қарашада Оджал, Липчанский және Әбілғазин сот санкциясымен қамауға, ал Салихов үй қамағ ына алынды. Бүгінгі күні ұйымдасқан қылмыстық топтың өзге де қатысушылары анықталуда. Оған қоса қылмыстық істі тергеу барысында Маңғыстау облысының құқық қорғау органдары лауазымды тұлғаларының аталған тұлғалар тобының қылмыстық қызметіне қамқоршылық жасау фактілерге қатыстылғы тексерілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін