Ақтауда көшедегі "батут" аттракциондарының жұмысы тоқтатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтауда көшедегі "батут" аттракциондарының жұмысы тоқтатылды

Ақтауда көшедегі "батут" аттракциондарының жұмысы тоқтатылды

"Ақтауда Қарақиян ауданындағы оқиғаға байланысты арнайы жұмыс тобы қүрылды. Кеңес барысында көше аттракциондарының, оның ішінде батуттар мен ойын автомашиналарының жұмысын уақытша тоқтату туралы шешім қабылданды", - деп қала әкімінің орынбасары Өркен Бисақаев атап көрсетті.

  • 27 Мамыр 2011
  • 570
Фото - Caravan.kz

Ол атап өткнедей, көшелерге ашық аспан астында орнатылған үрленбелі аттракциондардың жұмысы тоқтатылған, алайда сауда орындары мен басқа жабық орындардағы батуттарға тыйым салынбайды.

Ө.Бисақаев қазіргі кезде батуттардың иелеріне бақылау жүргізуге мүмкіндік беретін заңдыз база жоқтығын айтады.
Бұрын хабарланғандай, сейсенбі күні Қарақияң ауданындағы Мұнайшы ауылында батуттың аударылуынан 14 бала зардап шекті, олардыің үшеуі ауыр жарақаттарымен ауруханада жатыр.
Осы факт бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар