Ақтауда кран құлап, ер адам қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтауда кран құлап, ер адам қаза тапты

Ақтауда кран құлап, ер адам қаза тапты

 

  • 15 Қаңтар 2020
  • 24
Фото - Caravan.kz

Ақтауда құрылыс краны құлау салдарынан зардап шеккен ер адам ауруханада қаза тапты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz

Бұл туралы Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің өкілдері айтты. 1996 жылғы науқастың көп жері сынған, басынан соққы алған және миына зақым келген. 

"Ол жансақтау бөліміне жатқызылды, жасанды комаға түсірілді, алайда ол облыстық ауруханаға түскеннен кейін сегіз сағаттан соң қайтыс болды, — дейді дәрігерлер. 

Айта кетейік, оқиға 14 қаңтарда 15:55-те "Бәйтерек" сауда орталығына қарама-қарсы аумақта 19-ықшамауданындағы құрылыс алаңында болған.