Ақтауда Lada Priora көлігі бағанға соғылды - kaz.caravan.kz
  • $ 518.34
  • 607.18
+23 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтауда Lada Priora көлігі бағанға соғылды

Ақтауда Lada Priora көлігі бағанға соғылды

Маңғыстау облыстық әскери комиссариаты ғимараты мен «Асар-С» көтерме сауда базары арасында жол-көлік оқиғасы орын алды. 

  • 9 Желтоқсан 2015
  • 579
Фото - Caravan.kz

Бүгін, 9 желтоқсанда сағат 03:00-де Lada Priora 2170 көлігі бағанға соғылды.

ЖПҚ қызметкерлерінің айтуынша, Lada Priora жүргізушісі рульді басқара алмай қалған. Көлік салонында алты адам (оның ішінде бала бар)  болған.

Маңғыстау облыстық ауруханасына сағат 05:00-де нейрохирургия бөліміне апат орнынан ауыр жарақаттармен ер адам жеткізілген.

"Іске қосылған қауіпсіздік жастығы ауыр салдардың алдын алған", — деп мәлімдеді ЖПҚ қызметкері.


10:30-да көлік эвакуацияланды, деп хабарлайды lada.kz.