Ақтауда Маңғыстау өңірінің экологиялық проблемаларына арналған халықаралық конференция өтуде - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтауда Маңғыстау өңірінің экологиялық проблемаларына арналған халықаралық конференция өтуде

Ақтауда Маңғыстау өңірінің экологиялық проблемаларына арналған халықаралық конференция өтуде

АҚТАУ. 15-қыркүйек. Kazakhstan Today. Қыркүйектің 14 мен 16 аралығында Ақтауда академик Шахмардан Есеновтың атындағы Ақтау мемлекеттік университетінің 30-жылдық мерейтойына орай "Маңғыстау өңірінің экологиялық проблемалары және оларды шешу жолдары" атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 15 Қыркүйек 2006
  • 1648
Фото - Caravan.kz

Конференция жұмысына Қазақстан, Әзербайжан, Иран, Ресей, Дағыстан және Қалмақстан өкілдері қатысуда. Қазақстандық өкілдердің құрамында Сәтпаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университеті, Павлодар мемлекеттік университеті, Семей мемлекеттік педагогикалық институты, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті мен Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің ректорлары бар. Форумға сондай-ақ Каспий маңы елдері университеттерінің қауымдастығы өкілдері бар.

Шара аясында облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың, облыстағы кәсіпорындар мен ұйымдар өкілдерінің қатысуымен университеттің ғылыми кеңесінің отырысы өтеді. Университет студенттері мен қызметкерлерінің қатысуымен жарыс пен концерт ұйымдастырылады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта