Ақтауда науқас балаларға деп жиналған қаржы қолды болды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтауда науқас балаларға деп жиналған қаржы қолды болды

Ақтауда науқас балаларға деп жиналған қаржы қолды болды

Ақтауда мүгедек балалардың еміне деп жиналған қаржы қолды болды. Сұғанақ жергілікті кафелердің біріне қойылған арнайы жәшікті жымқырып, ішіндегі ақшасын алып кеткен. Бұл қылмыс мекемедегі бақылау камерасына түсіп қалыпты.

  • 7 Қараша 2012
  • 321
Фото - Caravan.kz


Таспада жігіттің ұрлыққа тыңғылықты дайындалғаны көрініп тұр. Түнгі ұйқыдан тұрған ол алдымен барға келіп, жақын маңда ешкімнің жоқ екеніне көз жеткізеді. Сөйтіп ақша толы жәшікті киімінің ішіне жасырып, дәретханаға алып кірген. Ал ол жақтан қорапсыз шығып, ізін суытады. Кейін дәмхана қызметкерлері, дәретханадан сынған бос жәшікті тауып алған. Қаскөйдің қанша қаржыны қолды қылғаны белгісіз. Мүгедек балалардың еміне деп жиналған қорапта кемінде 100 мыңдай теңге болуы керек дейді қызметкерлер. Полицейлер өмір үшін арпалысқан сәбилердің қаржысына қол салған қылмыскерді көп ұзамай ұстаймыз деп отыр.   

Соңғы жаңалықтар