Ақтауда "Негізгі азық-түлік тауарлары мен қызмет түрлеріне баға қымбаттау себептері" тақырыбында қоғамдық тыңдау өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтауда "Негізгі азық-түлік тауарлары мен қызмет түрлеріне баға қымбаттау себептері" тақырыбында қоғамдық тыңдау өтті

Ақтауда "Негізгі азық-түлік тауарлары мен қызмет түрлеріне баға қымбаттау себептері" тақырыбында қоғамдық тыңдау өтті

Ақтауда "Негізгі азық-түлік тауарлары мен қызмет түрлеріне баға қымбаттау себептері" тақырыбында қоғамдық тыңдау өтті. Оған ҚР индустрия және сауда министрлігі мен табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігінің өкілдері қатысты ,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 10 Ақпан 2004
  • 818
Фото - Caravan.kz

Облыстық статистикалық басқармасының бастығы Галина Иванованың хабарлауынша, 2003-жылы инфляция 0,6 процентке төмендеп, 7,3 процентті құраған.

2003-жылы азық-түлік өнімдерінің бағасы 4,6%-ке қымбаттаған. Жеміс және көкөніс өнімдеріне бағаның ең жоғары қымбаттауы тіркелді (18,6%). Ахуалды өзгерту үшін облыс басшылығы бағаны тұрақтандыруға шаралар қолданды. Атап айтсақ, өткен жылы көтерме саудагерлерді Оңтүстік Қазақстан облысына тауарға жіберу шарасы ұйымдастырылды. Облысқа 200 тонна жеміс-көкөніс өнімдері жеткізілді.
Сондай-ақ, базар басшылары қала және аудан әкімдерімен келісімге қол қойып, жергілікті тауар өндірушілерге сауда-саттыққа орын жалдап алуға 50 проценттік жеңілдіктер берілді.
2003-жылы облыста нан және жарма өнімдерінің бағасы 6,3%-ке қымбаттады. Консервіленген сүттің 11,6%-ке, ірімшік пен сүзбенің 5,9%-ке қымбаттауы есебінен сүт және сүт өнімдері 1,6%-ке қымбаттады.
Алайда, ет және ет өнімдері нарығындағы бағаның қымбаттау қарқыны едәуір төмен. Бұл саладағы жалпы жылдық индекс 101,8%-ті құрады. (2002-жылы 105% болған) Сондай-ақ, май өнімдері де 2%-ке арзандады.
Азық-түлік емес өнімдердің бағасы 9,1%-ке қымбаттап, олардың қымбаттау деңгейі өткен жылғы деңгейден 1,5% проценттік пунктке артты. Киім -кешек пен аяқ киім бағасы бүтін жыл бойына 12%-ке қымбаттады. Күнделікті тұрмыстық бұйымдардың бағасы 5,1%-ке көтерілді. Биылғы жылы автокөлік қызметінің бағасы ең жоғары көрсеткішке, атап айтсақ, 25,6%-ке қымбаттады.
Ақылы қызметтер құны 10,7%-ке (2002-жылы 11,6%-ке) өсті. Мұндай жағдайға жыл бойына тұрғын-үй коммуналдық қызметтер құнының 14,1%-ке қымбаттауы әсер етті. Ыстық су 36,2%-ке, суық су 9,4%-ке, көгілдір отын, орталықтандырылған жылу мен электр қуаты 10,3-10,8%-ке, тұрғын үй жөндеу және оны ұстау құны 4%-ке өсті.
Білім беру қызметінің құны 6,8 процентке қымбаттап, 2001-жылғы деңгейден 5 процентке артты.

Соңғы жаңалықтар