Ақтауда орталық жүйке жүйесінде ақауы бар мүгедек балаларды сауықтыру орталығы ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтауда орталық жүйке жүйесінде ақауы бар мүгедек балаларды сауықтыру  орталығы ашылды

Ақтауда орталық жүйке жүйесінде ақауы бар мүгедек балаларды сауықтыру орталығы ашылды

Ақтауда мүгедек-балаларға дәрігерлік қызмет көрсету жөніндегі тендер жеңімпазы

  • 5 Сәуiр 2004
  • 1595
Фото - Caravan.kz

«Шағала» шипажай-профилакторийінің базасында мүгедек балаларға арналған «Шипагер» атты облыстық сауықтыру орталығы жұмыс істей бастады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

Орталықта орталық жүйке жүйесі ауыратын, сал дертіне шалдыққан, қозғалыс жүйесінде ақауы бар, сондай-ақ, ақыл-ой кемістігіне ұшыраған 300-дей мүгедек бала қалпына келтіру мақсатындағы емдеу онкүндігінен өте алады. Оларды емдеуге облыстық бюджеттен 19,5 млн. теңге бөлінді.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес, облыста 115 мың 417 бала бар, олардың 0,9 проценті тумысынан немесе кейінірек мүгедектікке ұшыраған кембағал балалар. Балалардың мүгедектікке ұшырауына түрткі болушы факторлардың арасында бірінші орында биологиялық, басқаша айтқанда, іштен туғандағы кембағалдық себебі тұр. Екінші орындағы орталық жүйке жүйесіне ақау түсу дерті 20 процентті иемденеді. Бұлар негізінен сал дертіне шалдыққан балалар, облыс бойынша осындай 180 бала тіркелген. Ал үшінші орында психикалық дерттер, атап айтсақ, ақыл-ой кемістігіне душар болғандар тұр.
«Шипагер» орталығының бас дәрігері Шарипа Жақсымбетованың айтуынша, сауықтыру орталығының балалар бөлімшесі шипажай-дауажай мекемесі үлгісінде құрылған. Онда 35 мүгедек бала 24 күн бойына емдеуден өте алады. Сауықтыру орталығында тегін емделу жөніндегі тегін жолдаманы балаларға емдеуші дәрігерлері таратады. Балаларға дәрі-дәрмекпен емдеу, физиотерапевтикалық емдеу, уқалау және емдік ванналар қабылдау тәрізді кешенді дәрігерлік қызмет түрлері көрсетіледі.
2002-жылдан бері Маңғыстауда облыстық әкімшілік пен облыстық халықты еңбекпен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы жобасын жасап шығарған мүгедектерді сауықтыру жөніндегі 2002-2005- жылдарға арналған
аймақтық бағдарлама жүзеге асырылуда. Жобаны жүзеге асыруға үш жылда жергілікті бюджеттен 344,91 млн. теңге бөлу қажет. Аймақтық бағдарламаны жүзеге асыруға 2002-жылы 61,56 млн. теңге, 2003-жылы 92,02 млн. теңге жұмсалды. 2004-жылы 93,41 млн. теңге игеру көзделіп отыр.

Соңғы жаңалықтар