Ақтауда пара ретінде айфон алған полицей сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтауда пара ретінде айфон алған полицей сотталды

Ақтауда пара ретінде айфон алған полицей сотталды

«Айфонға» қызыққан ақтаулық тергеуші 7 жылға сотталды.  Күдіктіден пара ретінде телефон алған полиция қызметкері енді жазасын жалпы тәртіптегі колонияда өтеуі тиіс.

  • 11 Қараша 2014
  • 267
Фото - Caravan.kz


Тәртіп сақшысы автокөліктің қосалқы бөлшектерін ұрлау дерегі бойынша түскен істі тергеуі керек болатын. Бірақ ол тергеудің орнына күдіктіден 50 мың теңге мен айфон телефонын, оған қоса Ақтау-Шымкент бағытына әуе билетін сатып алып беруді талап еткен. Сөйтіп, қылмыстық істі жабуға уәде беріпті. Алайда ішкі қауіпсіздік қызметіндегі әріптестері оны қылмыс үстінде ұстады. Парақордың әрекеті барлық полиция қызметкеріне сабақ болуы үшін сот үкімі жариялы түрде оқылды. Ал, айыпталушы ұялса керек, үкімді тыңдауға шықпады.