Ақтауда пластмасса өндіретін зауыт іске қосылды - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтауда пластмасса өндіретін зауыт іске қосылды

Ақтауда пластмасса өндіретін зауыт іске қосылды

4-қыркүйекте Ақтауда пластмасса өндіретін "SAT Operating Aktau" ЖШС зауыты іске қосылды. "SAT&Co" кәсіпорны мен "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ-ның еншілес кәсіпорны болып табылатын "Атолл" акционерлік қоғамы аталмыш зауыттың қожайыны болып табылады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 5 Қыркүйек 2005
  • 2174
Фото - Caravan.kz



«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ-ның бас директоры Жақып Марабаевтың айтуынша, Қазақстанда мұнайхимиясын дамыту мүмкіндіктеріне қазақстандық және шетелдік мамандар жүргізген талдау қорытындысы көрсеткеніндей, «мұнай химиясы өндірісін құрып дамытуға қажетті барлық алғышарттар, атап айтсақ, мұнай және газ өндімдері, аймақтық және халықаралық базарларда полимер өнімдерге деген сұраныс мол».
Сонымен бірге ол «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ жеке іс-әрекеттер жоспары мен бағдарлама аясында 2010-жылы Батыс Қазақстанның мұнайлы-газды аймағында Теңіз кеніші мен Каспий қайраңындағы келешегі бар кеніштерден шығарылатын көмірсутегі шикізатының негізінде мұнай химиясы өнеркәсібінің іргетасын қалау жөніндегі жоспары бар екенін атап өтті. Орта мерзімді перспективада жоба «Теңізшевройл» ЖШС-інен келісілетін бағаға шикізат алу туралы келісім-шартына негізделсе, арықарай теңіздегі болашағы бар кеніштерден шығатын газды пайдалану көзделіп отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта