Ақтауда қайтыс болған сарбаз Бақытжан Қалыбай теміржолшылар әулетінен болған - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтауда қайтыс болған сарбаз Бақытжан Қалыбай теміржолшылар әулетінен болған

Ақтауда қайтыс болған сарбаз Бақытжан Қалыбай теміржолшылар әулетінен болған

Ақтауда қайтыс болған төрт сарбаздың бірінің жеңгесі Today.kz тілшісіне Бақытжан Қалыбай жайында айтып берді. 19 жасар Бақытжан Қалыбайды жерлеу 21 қыркүйекте өтт

  • 22 Қыркүйек 2015
  • 709
Фото - Caravan.kz

Анита апайдың айтуы бойынша Бақытжан ерекше бала болған.

"Бақытжан ақкөңіл бала еді, сондай қайырымды. Былтырғы жылы 23-ші қыркүйекте әскерге аттанып кеткен. Әне-міне келеді деп отырғанда осындай жағдай болды. Әкесі отбасында кенжесі болғандықтан, 80-гі әжесі Бақытжанның әкесі Айсұлтанның қарауында еді, аты Балғара. Әжесін қатты сыйлап, жақсы көретін бала. Мені күтіңіз, аз қалды, шыдаңыз дейтін. Бір-екі күнде келіп қалады деп тойға дайындалып отырған", — дейді жеңгесі Анита апай.

Сондай-ақ ол, жерлеу кезінде жергілікті билік өкілдері мен әскерилер тарапынан үлкен демеу болғанын айтады.

"Акиматтан және әскерилер көп келді. Көмектерін беріп жатыр. Бірақ баланың орны толмайды ғой. Ол менің санамда әлі кішкене бала ретінде қалды. Достары көп еді, барлығы келіп, демесіп жүрді және өздері қатты ұйымшыл болған. Ауылдық жерде өскен балалардың да бірлігі күшті болады емес пе. Басқа не айтам, періште боп келді, періште боп кетті", — дейді жеңгесі Анита апай.


Сонымен бірге, Анита апай Қалыбай әулеті теміржолшылар екенін атап өтті. Қайтыс болған Бақытжан Қалыбайдың әкесі Айсұлтан машинист болып істейді екен және барлық ағалары мен жеңгелері де темір жолда қызмет атқарған. Бақытжанның өзі де мектеп бітіре салысымен, әскерден бұрын алты ай машинист көмекшісінің курстарын бітірген екен.

Осы айдың 24-ші жұлдызында Бақытжанның жетісі берілмек.

Соңғы жаңалықтар