Ақтауда Қазақстан өндірушілерінің бірінші конгресі ашылады
Ақтауда «Нұр Плаза» қонақүйінде Қазақстан өндірушілерінің тұңғыш конгресі өтеді, деп хабарлады ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ баспасөз қызметі. |
Бұл шараны «Атамекен» Одағы» Қазақстанның Ұлттық экономикалық палатасы, «ҚазМұнайгаз» Барлау Өндіру» АҚ және Маңғыстау облысының әкімдігі ұйымдастырып отыр.
Қазақстан өндірушілерінің конгресі - отандық өнімдер мен қызметтерді өндірушілер, жеткізушілер және тұтынушылар үшін елдегі тұңғыш тең құқылы, сындарлы диалог алаңы болмақ.
Онда қаралатын негізгі мәселелер қазақстандық өндірушілердің тауарлары мен қызметтерінің сапасы, өнімдерді жеткізу ұстанымы, отандық өндірушілер мен жеткізушілердің жауапкершілігі, сапалы, экологиялық жағынан таза өнімдерді ілгері жылжытудағы өзара тиімді ынтымақтастық проблемаларына қатысты болмақ.
Конгресс жұмысына ҚР Парламенті Мәжілісі мен Сенатының депутаттары, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басшылығы, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері және 150-ден астам қазақстандық өндірушілер, солардың арасында ұлттық компаниялар мен олардың еншілес құрылымдары өкілдері қатысады.
Конгрестің қорытынды құжаты ретінде Өндірушілер хартиясы қабылданбақ.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін