Ақтауда Қазақстандағы алғашқы халықаралық сүңгуірлер мектебі құрылады
Ақтауда еліміздегі туризмді дамыту мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында, атап айтқанда Каспий жағалауында жағажай демалыс орны, |
әлемде 18-ші және халықаралық «IMCA» және «IDSA» халықаралық үлгідегі сертификаттарымен Қазақстанда алғашқы халықаралық сүңгуірлер мектебі құрылатын болады. Оны ашылуын «НПФ Каспий Дайв Про» ЖШС жүзеге асырмақ.
Аталмыш мектепті құру Маңғыстауда туристік қызметтер секторын әртараптандыруға жетелейді. Оның негізгі бағыттары - коммерциялық (кәсіби, Қазақстан, ТЖМ және алыс шетелдерден келген сүңгуірлерді үйрету үшін) және рекреационалды (дайвингтің қырларын үйренгісі келетіндер үшін) дайвинг болады.
Сондай-ақ құтқарушыларды дайындау жоспарлануда, олар теңізде демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Оларға да халықаралық CMAS үлгісінде сертификаттар берілетін болады. Дайвингті үйренгісі келетін әр адам мектептке келіп, курстардан өте алады.
Мектеп жанында суасты медицина орталығын құру жоспарлануда.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін