Ақтауда қоянды қорлағандар 4 сыныптың оқушылары болып шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтауда қоянды қорлағандар 4 сыныптың оқушылары болып шықты

Ақтауда қоянды қорлағандар 4 сыныптың оқушылары болып шықты

Ақтаулық жеткіншектердің жауыздығы тағы да жұрттың жағасын ұстатты. Бұл жолы ор қоянды азаптаған. Таяуда ғана мектеп оқушылары күшіктің құлағы мен құйрығын кесіп, әлеуметтің наразылығын тудырған еді.

  • 20 Қазан 2015
  • 175
Фото - Caravan.kz

6 мен 15 жас аралығындағы балалар үй жануарының мойнын капрон шұлықпен байлап, әбден сүйреген. Артынша итке талатпақ болады. Сөйтіп, қоянды ғимарат қоршауына асып қойған. Мұның барлығын көршілердің бірі телефонының камерасы түсіріп алыпты. Бастапқыда ол оқушылардың сотқарлығын өзі тоқтатпақ болған. Әлі келмеген соң полицияға шағымданды. Жануарды қорлаған №20 мектептің  төртінші сыныбында  оқитын екі бала екен. Олар қоянды қоқыс жәшігінің қасынан өлі күйінде тапқан айтыпты.

Диляра Турина, Ақтау қаласының тұрғыны:

-Балаларды тоқтату үшін үй киіміммен далаға атып шығып  айғай салдым. Олар болса, қашқақтай бастады. Балалардың қоянды алғанда тірі не өлі болғанын білмеймін. Бірақ оны азаптауы өте қорқынышты еді 

Соңғы жаңалықтар