Зардап шеккендердің барлығы да дезинтоксикациялық емдеуден өткізіліп, оларға сарысу егілді.
Дәрігерлер мен мамандардың бағалауынша, облыста қарақұрттардың мұндай белсенділігі көптен бері тіркелмеген. Өткен жылы маусым айының екі аптасында 10 шақты адам қарақұртқа шағылса, одан бұрынғы жылдары жаз бойына зардап шеккен 2-3 адам ғана тіркелетін.
Қалада қарақұрттармен күресетін арнаулы қызметтер жоқ. Жәндіктерге қарсы қолданылатын қарапайым құралдар қарақұрттарға әсер етпейді.
Статистикалық мәліметтерге жүгінсек, қарақұртқа шағылғандардың 25-30 проценті қайтыс болады. Қарақұрт уына қарсы қолданылатын вакцинаның бір дозасы 100 доллар тұрады, әрі ол тек Өзбекстанда ғана шығарылады. Осыған байланысты қалалық дәрігерлер тұрғындарды абай болуға шақырады.