Ақтауда соңғы екі аптада қарақұрт шағып алу салдарынан зардап шеккендер саны 10-нан асты - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтауда соңғы екі аптада қарақұрт шағып алу салдарынан зардап шеккендер саны 10-нан асты

Ақтауда соңғы екі аптада қарақұрт шағып алу салдарынан зардап шеккендер саны 10-нан асты

Ақтаудағы "Жедел жәрдем" станциясының төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімшесінің дәрігерлері соңғы екі аптада қала тұрғындарын улы қарақұрт өрмекшісі шағып алу оқиғасын 10 шақты мәрте тіркеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 18 Шiлде 2003
  • 998
Фото - Caravan.kz

Тұғындар қала іші, өнеркәсіптік аймақ, қала іргесі және саяжайлар аумағында шағылған.

Қазір оларға дәрігерлік көмек көрсетілуде. Дәрігерлердің айтуынша, қарақұрттардың белсенділігінің артуы облыста көптен бері байқалмаған. Бұрынғы жылдары аталмыш өрмекші шағып алу салдарынан жаз бойына небәрі 2-3 адам ғана зардап шегетін.
Қалада өрмекшілермен күрес жөніндегі арнаулы қызмет жоқ. Ал қарапайым құрт-құмырсқалармен күрес құралдары өрмекшіге әсер етпейді.
Статистикаға жүгінсек, қарақұрт шағып алған жандардың шамамен 25-30 проценті қайтыс болады екен. Ал қарақұрт уына қарсы қолданатын вакцинаның бір дозасының бағасы 100 долларды құрайды, ол тек Өзбекстанда ғана өндіріледі.

Соңғы жаңалықтар