Ақтауда студенттер үшін қоғамдық көлікпен жүру арзандады
Ақтауда студенттер үшін қоғамдық көлікпен жүру 50 пайызға арзан болады. |
Мұндай шешім Ақтаудағы бесінші шақырылым мәслихатының кезекті 7 сессиясында қабылданды.
«Студенттерге қолдау көрсету керек. Бұған дейін осындай жеңілдіктер бар еді. Оларды қайтадан енгізу керек», - деп атап өтті баяндамасында Ақтау қалалық білім бөлімінің бастығы Ырысгүл Имамбаева.
Мәслихат депутаттары «Ақтауда күндізгі оқу бөлімінде білім алып жүргендер үшін ішкіқалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруді орнату туралы» мәселені қарау кезінде оны бірауыздан қолдады.
Ақтау қаласындағы қоғамдық көлікпен жүру бағасы 35 теңгені құрайды. Студенттер оның тек жартысын төлейтін болады. Бұл тариф 2012 жылдың 1 желтоқсанынан бастап енгізіледі.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін