Ақтауда суға кеткен екі балықшының мәйіті табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтауда суға кеткен екі балықшының мәйіті табылды

Ақтауда суға кеткен екі балықшының мәйіті табылды

Маңғыстау облысында оқыс жағдай! Каспий теңізіне 3 балықшы суға кеткен. Әзірге екеуінің ғана денесі табылды. Үшіншісі әлі іздестірілуде.

  • 15 Қараша 2012
  • 362
Фото - Caravan.kz

Барлығы да Аташ ауылының тұрғындары. Олар 9-шы қараша күні балық аулауға ашық теңізге шығыпты. Екі күн хабар-ошар болмаған соң туыстары құтқару қызметіне хабар берген. Бес күн бойы балықшыларды сүңгуірлер теңізде, құтқарушылар құрлықта іздеп, кеше ғана екеуінің өлі денелерін тапты. Алдын-ала болжам бойынша, олар теңізде дауылға тап болған. Ал байланыс құралының жоқтығынан көмек шақырта алмаса керек. Үстерінде ең болмаса құтқару белдемшелері де жоқ. Қазір құтқарушылар тынбай үшінші балықшыны іздестіріп жатыр.


Аманғали Нұрдәулетов, Маңғыстау облыстық судан құтқару қызметінің бастығы:

— Үшінші балықшының тағдыры әлі белгісіз. Іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Табылған жағдайда тумаларына тапсырамыз. Көбінесе біздің балықшылар күн салқын болғанымен, ашық теңізге шығып, қауіпсіздік ережелерін сақтамайды. Сол себептен төтенше жағдайлар болады.

Соңғы жаңалықтар