Ақтауда сұйытылған газ бағасы 15 теңгеге қымбаттады - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтауда  сұйытылған газ бағасы 15 теңгеге қымбаттады

Ақтауда сұйытылған газ бағасы 15 теңгеге қымбаттады

Ал Маңғыстау облысында сұйытылған газ тауысылған. Литрлеп сатып жатқан бекеттердің өзінде баға 35-тен 50 теңгеге бір-ақ көтерілді.

  • 9 Қазан 2014
  • 436
Фото - Caravan.kz


Қуандық Матаев, Ақтау қаласының тұрғыны:

-Келдім, баға көтерілген. 50 теңге дейді. Таңқалып тұрмын шынымды айтсам. 35 теңге болатын. Алдында заң болды 35 теңгеден артық көтерілмесін деген. Ал мынаның неден екені түсініксіз. 

Сататын газ болмағандықтан кейбір май құю бекеттері тіпті уақытша жабылып қалған екен. Ал атқамінерлер бұл жолғы тапшылық тұтынушылар санының артқанымен байланыстырып отыр. Себебі газбен жүретін көліктер саны бензиннің жоқтығынан бірнеше есеге артыпты. Сонымен қатар жергілікті зауыт 4 күн бойы жөндеу жұмыстарына байланысты өнім шығармаған екен. Бүгін кешкісін ол қалыпты жұмысын бастап олқылық жойылады деп сендірді. Ал оның бағасына қатысты мәселе «басы ашық күйінде» қалып отыр.