Ақтауда теңіз суын тұшытуға арналған зауытта бірінші өндірістік желі сынақ жүзінде іске қосылды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтауда теңіз суын тұшытуға арналған зауытта бірінші өндірістік желі сынақ жүзінде іске қосылды

Ақтауда теңіз суын тұшытуға арналған зауытта бірінші өндірістік желі сынақ жүзінде іске қосылды

Ақтауда теңіз суын тұшытуға арналған зауытта бірінші өндірістік желі сынақ жүзінде іске қосылды. Каспий теңізінің суын тұшытуға арналған зауыттың жобасын "Маңғыстаумұнайгаз " ААҚ-ның тапсырысымен Мәскеудегі "М.В.Келдыш атындағы Зерттеу орталығы " Федералдық Мемлекеттік унитарлық кәсіпорны жасап шығарған болатын деп хабарлайды KZ-today тілшісі .

  • 10 Шiлде 2003
  • 927
Фото - Caravan.kz

Зауытта теңіз суын тұшытудың ең экологиялық таза тәсілі қолданылады. Бұл тәсілдер орбиталық ғарыш станциялары мен «Байқоңыр» ғарыш айлағының площадкаларында пайдаланылады. Арнайы қондырғыда радиоактивті бөлшектер, бактериялар , вирустар мен басқа да қоспалардан тазартылатын су өз құрамында табиғи тұздар мен минералдарды сақтап қалады.

Зауыт құрылысын салуда қазіргі заманғы ең озық дүниежүзілік және Ресейлік технологиялар қолданылуда. Әдістеменің бір артықшылығы , материал көп жұмсауды қажет етпейтін арзан жабдықпен аз энергия жұмсап теңіз суынан ауыз су шығарып алуға мүмкіндік беретіндігінде болып отыр.
Бүгінгі жағдаймен зауытта бірінші өндірістік желі сынақ жүзінде іске қосылды.
Зауыттың су тұшыту бөлімінде алғашқы мерзімде қуаты тәулігіне 2 мың текше метрді құрайтын 10 су тұшыту қондырғысын пайдалану көзделген. Ал болашақта зауытта тағы да осындай 10 қондырғы орнатылады.
Зауыт тәулігіне 40 мың текше метр су өндіреді. Ал зауыттың бірінші кезегінің қуаты тәулігіне 20 мың текше метрді құрамақ.
Есеп бойынша кәсіпорынның бірінші кезегінің қуаты қаланы сумен қамтамасыз етуге толық жетеді.
Нысан құрылысын «Алматымонолитстрой» көп профильді фирмасы салып жатыр . Құрылыс жұмыстары биылғы жылдың соңында аяқталады деп күтілуде. Зауыттың екінші кезегін құрылысшылар алдағы жылы пайдалануға бермек ниетте.
Ресейлік орталық технологиялық жабдықтармен кешенді қамтамасыз етумен бірге, құрылыс-монтаж, құрастыру жұмыстарына авторлық бақылау қою міндетін жүктейді.
«М.В.Келдыш атындағы Зерттеу орталығы » Федералдық Мемлекеттік унитарлық кәсіпорны зымырандық двигатель жасау және ғарыштық энергетика саласындағы Ресейдегі ең жетекші кәсіпорын болып табылады. Ол Ресейдің аэроғарыш агенттігі құрылымына қамтылып, Федералдық ғарыштық бағдарламаны жүзеге асыру және оны жобалауға атсалысады.

Соңғы жаңалықтар