Ақтауда терезеден тақтай лақтырған құрылысшылар тұрғындарды шошытты - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтауда  терезеден  тақтай лақтырған  құрылысшылар тұрғындарды шошытты

Ақтауда терезеден тақтай лақтырған құрылысшылар тұрғындарды шошытты

Ақтау тұрғындары енді теледидарды қойып, терезелерінен тақтай лақтыра бастады. Бұл жолы қоқысты далаға шығарып тастауға ерінген құрылысшылар қалдық материалдарды балконнан тастай салды. 

  • 1 Қазан 2014
  • 430
Фото - Caravan.kz


Тоғыз қабатты үйдің төбесінен тақтай лақтырып тұрған құрылысшыларды кездейсоқ куәгерлер түсіріп алған. Еденнен жұлынып алынған ауыр ағаштар бірінен соң бірі төбеден түсіп жатыр. Ал әрлі-берлі өткен жұрт одан бас сауғалап қашқан. Бірақ оны құрылысшылар аңғарар емес. Естеріңізге салсақ, дәл осылайша Ақтау тұрғыны ескі теледидарды 10-шы қабаттан лақтырып, төрт жасар баланы өлтіре жаздаған болатын. Басынан ауыр жараланған кішкентай Исламның қазір көзі көрмейді. Ескі-құсқы заттарын далаға шығаруға ерінген күдіктіге қатысты сот жүріп жатыр.