Ақтауда Түпқараған учаскесіне қатысты қоғамдық тыңдаулар өтпек - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
+3 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтауда Түпқараған учаскесіне қатысты қоғамдық тыңдаулар өтпек

Ақтауда Түпқараған учаскесіне қатысты қоғамдық тыңдаулар өтпек

АҚТАУ. 6 желтоқсан. Kazakhstan Today. Бүгін 6 желтоқсанда Ақтауда "Түпқараған Оперейтинг Компани Б.В." компаниясының филиалы Түпқараған учаскесінде №2 ұңғыны бұрғылау алдында жүргізетін инженерлік- геологиялық зерттеулердің қоршаған ортаға әсері тақырыбында қоғамдық тыңдаулар өткізеді,-деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі.

  • 6 Желтоқсан 2006
  • 467
Фото - Caravan.kz

Түпқараған учаскесінде теңіз түбін зерттеу және газды шұңқырларды анықтау мақсатымен тағы бір бақылау ұңғысы бұрғыланады. Бұл үшін алдымен инженерлік -геологиялық зерттеулер жүргізілмек.

Мұнда шамамен 342 млн тонна мұнай бар деп болжанып отыр.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, 2005 жылы «Түпқараған Оперейтинг Компани Б.В.»қазақстандық компаниялардың арасында бірінші болып 2500 метрлік тереңдікке бақылау ұңғысын бұрғылаған. Жұмыс жоспардағыдай орындалған. Ал енді Түпқарағандағы екінші ұңғы 2008 жылы бұрғыланбақшы.

«Түпқараған Оперейтинг Компани Б.В.» «»ҚазМұнайТеңіз» Ұлттық теңіз компаниясы мен «Лукойл Оверсиз Шельф Б.В.» компанияларының еншілес бөлігі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта