Ақтауда түрік рейсінен 22 келі контрабандалық зергерлік бұйымдар табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 531.96
  • 622.45
+30 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтауда түрік рейсінен 22 келі контрабандалық зергерлік бұйымдар табылды

Ақтауда түрік рейсінен 22 келі контрабандалық зергерлік бұйымдар табылды

Ақтаудың халықаралық әуежайының VIP- залында «Әуежай-Ақтау» кеден бекетінің қызметкерлері

  • 6 Қараша 2012
  • 328
Фото - Caravan.kz

«Ыстамбұл-Ақтау» №812 авиарейсінің жолаушыларының қол жүктері мен жүктерін рентген-аппаратымен тексеру барысында 27 жастағы ҚР азаматшасынан декларацияланбаған және кедендік бақылаудан жасырылған зергерлік бұйымдарды тапты: сары түсті металлдан жасалған — 1435 бұйым, ақ түсті металлдан жасалған — 1379 зат және қара түсті металлдан жасалған 113 бұйым анықталды. Олардың жалпы салмағы 22 келіні құрады.

Осылайша, Ш. есімді азаматшаның әрекеттерінде ҚР ҚК-нің 209-бабында (Экономикалық контрабанда) көрсетілген қылмыстың белгілері байқалды.

Қазіргі уақытта контрабандаға қарсы күрес басқармасы тексеру және процессуалды іс-шараларды жүргізуде.