Ақтауда тұрмыстық қоқыс-қалдықтардың арасынан жаңадан туған шарананың өлі денесі табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 518.39
  • 603.09
-10 °C
Алматы
2025 Жыл
11 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтауда тұрмыстық қоқыс-қалдықтардың арасынан жаңадан туған шарананың өлі денесі табылды

Ақтауда тұрмыстық қоқыс-қалдықтардың арасынан жаңадан туған шарананың өлі денесі табылды

Ақтауда тұрмыстық қоқыс-қалдықтардың арасынан жаңадан туған шарана қыздың өлі денесі табылды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Ақтау қалалық ІІБ-ның қылмыстық полиция бөлімінен хабарлады.

  • 25 Қаңтар 2005
  • 567
Фото - Caravan.kz

Тәртіп сақшыларының ақпараты бойынша, 22-қаңтарда Ақтау қалалық полициясының кезекші бөліміне телефон қоңырауын шалған белгісіз біреу мәйітті тауып алғаны туралы хабарлаған. Оқиға орнына шұғыл тергеу тобы келіп жетті.

Баланың анасы тіркеуде тұруы мүмкін деген жорамалмен қазір қаладағы емдеу мекемелері жаппай тексерілуде. Тәріп сақшылары сонымен бірге баланың үйде туу мүмкіндігін де жоққа шығармайды. «Қылмыстық сипаттағы дәлелдер табылып жатса, онда қылмыскерді Қазақстан заңдарына сәйкес жаза күтіп тұр»,- дейді полиция қызметкерлері.

Перейти к новостям спорта