Ақтауда үкіметтік емес ұйым өкілдері мемлекеттік мекемелермен ынтымақтастық мәселесін талқылады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтауда үкіметтік емес ұйым өкілдері мемлекеттік мекемелермен ынтымақтастық мәселесін талқылады

Ақтауда үкіметтік емес ұйым өкілдері мемлекеттік мекемелермен ынтымақтастық мәселесін талқылады

Маңғыстау облыстық әкімшілігінде облыс әкімінің орынбасары Есен Күмісқалидың басқарумен үкіметтік емес ұйым өкілдерінің мемлекеттік мекемелермен ынтымақтастық мәселесін талқылауға арналған бас қосу өтті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 18 Тамыз 2003
  • 771
Фото - Caravan.kz

Кездесудің басты мақсаты — мемлекеттік мекемелердің үкіметтік емес ұйымдармен ықпалдастығын нығайту тетіктерін жасау, барлық деңгейде өзара тиімді іскерлік байланыстар орнату, Үкіметтік емес ұйымдарды мемлекет тарапынан қолдау жөніндегі аймақтық бағдарлама мен тұғырнаманы жүзеге асырудың тиімді тетіктерін табу болып табылады.

Е.Күмісқалидың айтуынша, облыстық әкімшілік Маңғыстау облысындағы үкіметтік емес ұйымдарды мемлекет тарапынан қолдау жөніндегі 2003-2005-жылғы аймақтық бағдарлама жобасын жасаған. «Онда ауылдық жерлерде азаиматтық бастамашылдықты дамытуға баса назар аударылады . Осынау басымдық берілген бағыттың Елбасы жариялаған ауылды жаңғырту жылдарындағы маңызы айрықша зор»,- дейді ол.
Бағдарламаның басты мақсаты- мемлекеттік билік органдарымен өзара ынтымақтастық және олар тарапынан көрсетілетін көмек-жәрдемге арқа сүйей отырып қоғамдағы әлеуметтік маңызды мәселелерді шешудегі үкіметтік емес ұйымдардың ролін арттыруға және азаматтық қоғам құру тұрғысынан үкіметтік емес ұйымдардың тұрақты дамуына жағдай жасауға саяды.
Е.Күмісқали үкіметтік емес ұйымдарды аймақтық қолдау бағдарламасы мемлекеттік мекемелер мен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағыттылаған нақты жұмыс нәтижелерімен көрініс табады дегенге сенім білдірді.
«Әрбір ауылдағы ақсақалдар кеңесіне қоғамдық ұйым мәртебесін неге бермеске?! Әрине, бұл жерде бір қоғамдық институтты екіншісімен алмастыру емес, олардың іс-қызметі деңгейін жаңа сатыға көтеру, бастамашылдығын арттыру мақсаты көзделеді. Ұйымдастырушылық тұрғысынан қолдау көрсетіп, түсіністік тапқан жағдайда ақсақалдар кеңесі азаматтық белсенділік идеяларын шоғырландыра алатын нақты күшке айналады»,- дейді Е.Күмісқали.
Сондай-ақ, мәжілісте Азаматтық форумға өкілдер сайланды.
Бас қосуды облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы мен облыстық ішкі саясат департаменті ұйымдастырды.
Маңғыстау облысы аумағында қоғамдық бірлестік мәртебесіне ие болған 300-ден астам үкіметтік емес ұйым бар. Олардың 165-і кәсіподақ ұйымдарына қарасты.
2002-жылдың сәуір айында облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының жанынан «Үкіметтік емес ұйымдардың ақпараттық орталығы» құрылған. Оған 9 қоғамдық бірлестік бірікті. Ақпараттық орталық өз мүшелеріне әдістемелік және ұйымдастырушылық-техникалық қолдау көрсетеді.

Соңғы жаңалықтар