халықаралық турнирдің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлады aktau.gov.kz
«Каспий» спорт кешенінде өтіп жатқан халықаралық деңгейдегі спорттық шараның ашылу салтанатында Маңғыстау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Р.Елизарова мен Ақтау қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Н.Джалимов турнир қатысушыларын 7-мамыр Отан қорғаушылар күнімен және Жеңістің 70 жылдық мерейтойымен құттықтап, жарыста сәттілік тіледі.
Турнирге көршілес Ресей, Түркіменстан, Өзбекстан елдерінен, Қазақстанның Қызылорда, Орал, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай және Ақтау қалаларынан құрама командалар қатысып отыр. Жарыс қорытындысы бойынша қосымша ақпарат жарияланатын болады.
