«Тұрғындар қазіргі қала әкімі Виктор Кохты қызметінен босатып, орнына Маңғыстау облысында туып өскен азаматты тағайындауды талап еткен «,- делінген хабарламада.
Түс ауғанша жиын бір қалыпты өткен, полиция қызметкерлері шеруге шыққандарды өз еріктерімен тарауға шақырыпты, алайда наразылық танытушылар қатары көбейіп, кешке дейін шамаман бір мыңға жуықтаған.
Қоғамдық қор өкілдернің айтуынша, акция барысында «31 канал»телеарнасының қызметкері зардап шекті. «Полицейлер журналистің жұмыс істеуіне кедергі келтіріп, бейнекамераларын сындырған. Таспагерді резеңке таяқпен басынан сабаған».
Осыған дейін Маңғыстау облысы әкімшілігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада митингке 150-200 адам қатысқаны, бірақ «олардың қандайбір саяси немесе басқадай талап қоймағаны», — көрсетілген болатын.
Оған қоса, Маңғыстау облысының әкімшілігі наразылық акциясының өтуіне журналистер кінәлі деп есептейді. Әкімшіліктің таратқан баспасөз хабарламасында «адамдардың жиналуына «31-арна-Ақтау» телеарнасы тілшілерінің мас күйінде алаңда жүріп, жуырда таратылған парақшалардың мазмұнына қатысты адамдарға провокациялық сұрақтар қоюы мен олардың билік өкілдеріне менмендік танытқан әрекеті себеп болды» делінген.